ВЕНЧУРЛЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ ФАКТОРЫ НЕГІЗІ

Авторы

  • Е. Н. Несіпбеков
  • Г. Н. Аппақова
  • Ж. С. Карабаева

Ключевые слова:

венчурлық қаржыландыру, инновациялық даму, венчурлық қорлар, жоғары тәуекелді жобалар.

Аннотация

Мақала елдің тұрақты және тиімді дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстанда венчурлық
қаржыландыру тетіктерін жетілдіру қажеттілігін негіздейді. Венчурлық қаржыландырудың шет елдердің
инновациялық дамуындағы рөлі АҚШ, Канада, Еуропа, Үндістан мен Қытайдың тиісті тәжірибесін зерделеу
негізінде баяндалған. Әртүрлі аспектілердегі венчурлық қаржыландыруға арналған ғылыми жұмыстарға
шолу жасалған. Қазақстан Республикасындағы инновациялық белсенділік пен венчурлық инвестицияларды
талдау жүзеге асырылды.
Мақалада Қазақстандағы венчурлық қаржыландырудың ерекшеліктері қарастырылған. Зерттеу нәтижелері Қазақстандық венчурлық инвестициялау жүйесі өзінің дамуының бастапқы кезеңінде екені және венчурлық саланың дамуының нақты нәтижелері әлі алынғанбағанын көрсетеді. Зерттеу Қазақстандағы
венчурлық капиталдың дамуын шектейтін факторларды анықтауға мүмкіндік берді, оларға мыналарды жатқызуға болады: мемлекеттік институттар салған қаражат тиімділігінің әлсіз жүйелік мониторингі; венчурлық
қаржыландырудың тиімді стратегиясының болмауы; төмен инновациялық белсенділік және венчурлық
капиталдың пайда болу қарқындылығының төмендігі; венчурлық қаржыландыруға қатысты нормативтікқұқықтық базадағы белгісіздіктер мен олқылықтар; арнайы экономикалық аймақтар немесе технопарктерге
байланысты емес салықтық жеңілдіктер мен преференциялардың болмауы; венчурлық капиталға мықты
институционалды инвесторлардың болмауы; бағалы қағаздар нарығының төмен сыйымдылығы және оның
құралдарының шектеулігі.
Венчурлық қаржыландыруды жандандыруға бағытталған шаралар кешені әзірленді. Ұсынылған шараларды іске асыру квазимемлекеттік құрылымдардың инвестициялары мен венчурлық кірістерінің тиімділігіне бақылауды күшейтуді, сондай-ақ венчурлық қаржыландыруды дамыту үшін жағдайлар жасауды көздейді.
Зерттеу нәтижелері елдің инновациялық дамуы тұрғысынан венчурлық капиталды қаржыландыру
тақырыбын одан әрі зерттеу үшін бастапқы нүкте бола алады.

Скачивания

Данные скачивания пока недоступны.

Загрузки

Опубликован

2021-04-15

Как цитировать

Nesipbekov Ye. N., Appakova G. N., & Karabayeva Zh. S. (2021). ВЕНЧУРЛЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ ФАКТОРЫ НЕГІЗІ. «Вестник НАН РК», (2), 169–176. извлечено от http://189185.vm7pq.group/bulletin-science/article/view/209