ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНДЕГІ ЖОҒАРЫ БІЛІМГЕ АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ШЫҒЫНДАР
GOVERNMENT SPENDING ON HIGHER EDUCATION IN CENTRAL ASIAN COUNTRIES
DOI:
https://doi.org/10.32014/2024.2518-1467.682Ключевые слова:
білім беру арналған шығындар, жалпы ішкі өнім, жоғары білім, экономикалық өсім, адами капиталАннотация
Мемлекеттің білім беруге арналған шығындары адами капиталды дамыту арқылы елдің экономикалық өсіміне ықпал етеді. Білім берудің әлеуетті пайдасын экономикалық және әлеуметтік, қоғамдық және жеке деп бөлуге болады. Білімді адамдар инновацияға, кәсіпкерлікке және өнімділікті арттыруға қажетті дағдылар мен білікке ие. Жоғары білім деңгейі, әдетте, жоғары жалақымен және жақсы қызметтік мүмкіндіктермен байланысты. Білімге инвестиция салу тұрғындардың дағдылары мен білімін дамытуға ықпал етеді, бұл инновацияға, технологиялық прогреске және өнімділіктің өсуіне ықпал етеді. Сонымен қатар, жоғары білімнің сыни ойлауды, шығармашылықты және өзгермелі жағдайларға бейімделу қабілетін қалыптастыруға әсері зор. Мұндай қабілеттер, әсіресе, тез өзгеретін және икемділік пен инновацияны қажет ететін заманауи экономикада аса маңызды. Тақырыптың өзектілігі Орталық Азия елдерінің алдында тұрған жаһандық білім беру ортасына интеграциялану сын-тегеуріндеріне мемлекеттік қолдау және жоғары білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы жету мүмкіндігін қарастырумен айқындалады. Мақаланың мақсаты жоғары білімге инвестиция ретінде Орталық Азия елдеріндегі мемлекеттік шығындарды зерттеу болып табылады. Халықтың білім деңгейі мен экономикалық даму арасындағы оң байланысты көрсететін көптеген зерттеулер бар. Білім деңгейі жоғары елдерде тиімді экономика және әлеуметтік дамудың жақсы көрсеткіштері тіркелген. Орталық Азия елдерінде білім беруге жұмсалатын мемлекеттік шығындардың деңгейі абсолютті де, салыстырмалы да көрсеткіштерде айтарлықтай сараланған. Орталық Азия мемлекеттеріндегі білім беру шығындарының деңгейі мен білім деңгейінің индексі арасында оң корреляция байқалады. Сондай-ақ, авторлар жоғары білімнің экономикалық өсім көрсеткіштеріне әсерін есептеу кезінде тұрғындардың біліммен қамтылуы мен басқа да сандық сипаттамаларға ғана емес, оның сапасын да бағалау қажеттілігін атап көрсетеді.