АРАЛАС ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ РЕСУРСТАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІНЕ ӘСЕРІ

Авторы

  • М.С. Балганова Озбекали Жанибеков университети
  • Э.Т. Адылбекова педагогика ғылымдарының кандидаты, дoцeнт, Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Шымкeнт, Қaзaқcтaн Е-mail: [email protected]. Orcid.org/0000-0003-1471-0137;
  • Х.И. Булбул профессор, доктор, Гази университеті, Анкара, Түркия Е-mail: [email protected], https://avesis.gazi.edu.tr/bhalil.

DOI:

https://doi.org/10.32014/2024.2518-1467.749

Ключевые слова:

смешанное обучение, электронный образовательный ресурс, информационные технологии, подготовка специалиста, будущие учителя информатики, профессиональная компетентность, учебный процесс

Аннотация

Мақалада болашақ информатика мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыруды, олардың оқу процесіне енгізу және пайдалану үшін электрондық білім беру ресурстарын құруға дайындығын зерттеу мәселелері қарастырылған. Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамытудың тиімді әдістерінің бірі оқу үдерісіне электронды ресурстарды енгізу болып табылады. Информатика курсын оқыту әдістемесінде білім беруде электронды ресурстарды дайындау мазмұны жеткілікті түрде көрсетілмеген. Осыны негізге ала отырып, болашақ мұғалімдерді оқытудың аралас әдіс-тәсілдерін қолдана білуге, электронды ресурстарды сауатты құруға және оқытуда тиімді пайдалануға дағдыландыру қажеттілігі туындады. Зерттеудің негізгі мақсаты – информатикада аралас оқытуда электрондық білім беру ресурстарын дайындау әдістемесін құру. Әдістемені құру үшін интерактивті әдістер қолданылды. Электрондық білім беру ресурсының құрылымы Participate платформасында жасалған. Информатика оқулығының мазмұны негізінде бейнелекциялар мен практикалық жаттығулар, интерактивті ресурстар, онлайн курстар мен жобалар, танымдық ойындар мен басқатырғыштар құрылды. Ұсынылған жұмыс информатика пәнінен аралас оқытуға дайындалды. Бұл электронды ресурста практикалық жұмыстар студенттің өзіндік жұмысына арналған теориялық материалдар мен интерактивті тапсырмаларды қамтиды. Сондай-ақ бейнематериалдар мен мысалдарды көру мүмкіндіктері қарастырылды. Тәжірибелік жұмыс пен тапсырмалардың қорытындысын шығару кезінде оқытушы мен студенттің іс-әрекеті интерактивті сұхбат түрінде өтеді.

Қорытындылай келе, ғылыми-зерттеу жұмысы информатика саласындағы оқу материалын тереңдетіп оқытудың, қазіргі ақпараттық ортада сұранысқа ие мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың оң әсері мен тиімділігін дәлелдейді. Зерттеу нәтижелері болашақ информатика мұғалімдері үшін пайдалы тәжірибелік ресурс болады.

Скачивания

Данные скачивания пока недоступны.

Загрузки

Опубликован

2024-06-15

Как цитировать

Балганова, М., Э.Т. Адылбекова, & Х.И. Булбул. (2024). АРАЛАС ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ РЕСУРСТАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІНЕ ӘСЕРІ. «Вестник НАН РК», 409(3), 22–37. https://doi.org/10.32014/2024.2518-1467.749