ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СӘУЛЕТ ӨНЕРІНЕ ДИЗАЙН МЕН МОНУМЕНТАЛДЫ КЕСКІНДЕМЕНІҢ ӘСЕРІ

Авторы

  • А.М. Әділ Т. Жургенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Aлматы, Қазақстан
  • Н.Л. Сейтахметова Ұлттық ғылым академиясы, Aлматы, Қазақстан

Ключевые слова:

бейнелеу өнері, көркем мәдениет, монументалды кескіндеме, этномәдени нышандар, ұлттық рәміздер, монументалды өнер, этномәдени құндылықтар, сәндік өнер, сәулет, ұлттық бірегейлік.

Аннотация

Тәуелсіз Қазақстан Республикасы өмірінің барлық саласында болған терең өзгерістер көр-кем мәдениеттің жалпы көрінісіндегі бейнелеу өнерінің рөлін ұғынумен байланысты бірқатар жаңа міндет-терді алға тартады. Ол осы жағдайда принципті жаңа мәртебеге ие болады, «мемлекет-өнер-қоғам» біртұтас жүйесі қалыптасады. Соның салдарынан қазіргі қоғамда болып жатқан процестерді бейнелейтін және көрсететін жаңа көркем шығармалар пайда болады. Тарих сын-қатерлеріне шығармашылық жауап тек орталықтарда, ірі қалаларда, Солтүстік және Оңтүстік астаналарда ғана емес, сондай-ақ өңірлерде құрылады, әр кезеңнің өзіндік ерекшелігі анықталады. Алдымен Орталық Азия елдерінің ежелгі ескерткіштеріндегі және этномә-дени негізгі нышандардағы монументалдық кескіндеме орны анықталады. Содан кейін біздің еліміздің ХХ ғасырдағы ұлттық нышандары Қазақстанның монументалист-суретшілерінің шығармаларын талдау арқылы ашылады. Осыған байланысты ұлттық мектеп этномәдени құндылықтарға қызығушылық танытады. Оның дамуында Ежелгі түркі мәдениетінің рөлі зерттеледі. Бұл мақалада көптеген әдебиеттерді қарастырудан Еуразия өркениетінің монументалды сәндік өнерге әсері анықталады. Бұл уақытта қолөнер қарқынды өсіп келеді және монументалды өнер де өз кезегіне жетеді. Монументалды өнердің дамуы кеңес кезеңінен бастап зерттеледі. Монументалды өнер дамуының алғашқы тарихи-мәдени басталуы анықталады. Ежелгі кезең де, кеңестік кезеңнен кейінгі кезең де, барлық уақытта да, Жаңа уақытта да монументалды-сәндік өнер сәулет құрылысымен байланысты. Бұл оның маңызды бөліктерінің бірі. Тарихымыздың әрбір кезеңіне көптеген этикалық және мағыналық ерекшеліктер тән, біздің шынайы мәдениетіміз туралы түсінік болу үшін шынайы ақпаратты зерттеу және пайдалану қажет. Біздің ата-бабаларымыздың дәстүрлі материалдық және рухани мәдениеті әр түрлі аспектілерде қызықты және мазмұнға барабар, нақты берілуге тиіс. Қазақтың дәстүрлі мәдениетін зерттеу ғана емес, насихаттау қажет. Бұл мақалада біз өзіміздің ұлттық бірегейлігімізді сақтауға деген ұмтылысымыздың ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысындағы Қазақстанның монумен-талды өнеріне қалай әсер еткеніне талдау жасағымыз келеді. Қазақстанның заманауи монументалды-сәндік өнері әртүрлі түрлердің, жанрлар мен стильдердің бірігуімен сипатталады. Заманауи монументалистер ұлттық дүниетаным негізінде кәсіби шығармашылық палитрасын кеңейтеді. Ұлттық өнердің өнертанулық интерпретациясы Қазақстанның мәдениеті мен өнерін түрлендіретін және қоректендіретін константаларды түсінуге ықпал етуге бағытталған: бұл өмір энергиясын бейнелейтін түркі құдайының бейнелері, табиғи апаттар мен алғашқы элементтер (су, от, балшық, өмір ағашы), қазақ рулық белгілері (тамгалар). ХХ ғасыр-дың монументалдық өнеріндегі дәстүрлі ұлттық этномәдениеттің символикасы Қазақстанның көптеген мону-менталистерінің жұмыстарында айқын көрінеді. Өз шығармаларында олар ежелгі түркі әлемінің бейнелерін символика мен метафораның тілі арқы-лы жиі береді. Біз бұл мақалада дизайн өнері мен монументальды кескіндеме өнерінің қазіргі заманғы қазақстандық архитектурадағы өзара іс-қимылын ашып көрсетеміз.

Скачивания

Данные скачивания пока недоступны.

Загрузки

Опубликован

2020-10-14

Как цитировать

Әділ, А., & Сейтахметова, Н. (2020). ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СӘУЛЕТ ӨНЕРІНЕ ДИЗАЙН МЕН МОНУМЕНТАЛДЫ КЕСКІНДЕМЕНІҢ ӘСЕРІ. «Вестник НАН РК», (5), 288–293. извлечено от http://189185.vm7pq.group/bulletin-science/article/view/905